Біздің қызметтеріміз
Тау-кен және
өнеркәсіп
объектілері үшін
кешенді шешімдер
Инжинирингтік қызметтердің толық спектрі — жобалау алдындағы зерттеулер мен қорларды бағалаудан бастап жұмыс жобалауына және технологиялық шешімдерді енгізуге дейін. Қазақстандық және халықаралық стандарттар бойынша жұмыс жасаймыз.
Тау-кен металлургиялық, өнеркәсіптік және азаматтық объектілерді жобалау
- Тау-кен объектілері
(Тау-кен жұмыстарының жоспарлары, жерасты және жерүсті инфрақұрылымы бойынша жобалық және жұмыс құжаттамасы); - Байыту, металлургиялық, өнеркәсіптік және азаматтық объектілер
(«Жоба», «Жұмыс құжаттамасы» және «Жұмыс жобасы» кезеңдері); - Экологиялық құжаттама;
- Өнеркәсіп қауіпсіздігі саласындағы құжаттама.
Техника-экономикалық негіздемелерді әзірлеу және жобалау алдындағы зерттеулер жүргізу
- Pre-Feasibility Study (PFS) — инвестициялық шешім қабылдауға арналған алдын ала техника-экономикалық негіздеме, қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес;
- Feasibility Study (FS) — инвестициялық шешім қабылдауға арналған толық техника-экономикалық негіздеме, қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес;
- Жобалау алдындағы жұмыстар;
- Қаржы-экономикалық модельдеу және тәуекелдерді талдау
Ресурстар мен қорларды бағалау
- Бұрғылау бағдарламаларын әзірлеу және сүйемелдеу, геологиялық деректердің QA/QC;
- Өндіру бірліктері мен өндіру параметрлерін оңтайландыру, экономикалық аудандастыру;
- Халықаралық кодекстер бойынша (KAZRC, JORC, NI 43-101) ресурстар мен қорларды есептеу есептерін дайындау.
Ғылыми-зерттеу жұмыстары, технологиялық шешімдерді жобалау және енгізу
- Тау-кен қазбаларын бекіту жүйелерін жобалау және енгізу:
- Геомеханикалық жағдайларға арналған тіреу түрі мен параметрлерін таңдау;
- Таужыныс сілімін бекіту — анкерлеу, торкреттеу, инъекциялау;
- Стандартты емес тау-кен жағдайларына арналған кастомизацияланған өту жабдығын әзірлеу;
- Жарылыс-бұрғылау жұмыстары паспорттарын (параметрлер, схемалар, қауіпсіздік) әзірлеу және оңтайландыру;
- Кен өңдеуге арналған технологиялық регламенттерді әзірлеу.
Техникалық аудит және оңтайландыру
- GAP-талдау;
- Ағымдағы көрсеткіштер мен жобаның оңтайлы параметрлері арасындағы алшақтықты талдау;
- Нарық конъюнктурасы немесе геологиялық деректер өзгерген кезде карьерлер мен жерасты рудниктерін аудит жасау және оңтайландыру;
- Байыту фабрикаларын аудиттеу: өңдеу схемасын бағалау және технологияны оңтайландыру.
Жобаларды басқару
- Мердігерлерді үйлестіру, мерзімдер мен бюджетті бақылау, инвесторға есеп беру;
- Тапсырыс берушінің инженері (Owner’s engineer);
- Қаржыландыруды тарту.
Мемлекеттік органдар мен қаржыландырушы ұйымдарда сүйемелдеу
- РМК Мемлекеттік сараптамада, жеке сараптамада жобалық-сметтік құжаттаманы сараптаудан өткізу;
- Экологиялық қауіпсіздік саласындағы сараптама;
- Өнеркәсіп қауіпсіздігін сараптау;
- Жобаны аудиттеу.
Толық цикл үшін
бір серіктес
- Зерттеу;
- Жобалау;
- Жобаны басқару;
- Қаржыландыру
- қазақстандық және халықаралық стандарттарға сәйкес
